1. Жалпы ережелер
Осы келісім «Тапқыр» ойынын (tapqyr.app, бұдан әрі — Сервис) пайдалану шарттарын белгілейді. Сервисті ұсынушы: ЖК ТҰРСЫНБАЙ, ЖСН 860410001076, мекенжайы: Алматы, Пушкин көшесі 13 (бұдан әрі — Орындаушы).
Сервисте тіркелу немесе ойын ішінде сатып алу жасау — осы келісімнің барлық шарттарын толық қабылдау (акцепт) болып табылады. Келіспесеңіз, Сервисті пайдаланбаңыз.
2. Сервис
Ойын тегін ойналады. Барлық негізгі деңгейлерді ақы төлемей-ақ өтуге болады. Сервисте қосымша ретінде ойын ішіндегі виртуалды валюта (Coin) және виртуалды заттар (кілттер, Қуат құтысы және т.б.) ұсынылады.
3. Coin және виртуалды заттар
- Coin — тек Сервис ішінде пайдаланылатын виртуалды бірлік. Ол ақша, электрондық ақша немесе төлем құралы емес.
- Coin мен виртуалды заттар нақты ақшаға айырбасталмайды және Сервистен тыс шығарылмайды.
- Пайдаланушы Coin мен заттарды Сервис ережелері шегінде пайдалану құқығын алады; олар Орындаушының меншігінде қалады.
- Coin-дың уақыт өте жойылатын мерзімі жоқ.
4. Сатып алу және төлем
- Coin пакеттерінің бағасы, құрамы және бонустары сатып алу алдында анық көрсетіледі.
- Төлемді Lemon Squeezy (Merchant of Record — тауарды сатушы ретіндегі төлем серіктесі) қабылдайды және өңдейді. Карта деректерін Орындаушы көрмейді және сақтамайды. Төлем құжатын (чек/инвойс) Lemon Squeezy жібереді.
- Coin төлем провайдері төлемді растағаннан кейін аккаунтқа автоматты түрде беріледі.
- Алғашқы сатып алуға арналған бонус бір аккаунтқа бір рет беріледі.
5. Жас шектеуі
Сатып алуды 18 жасқа толған тұлғалар жасайды. 18 жасқа толмаған пайдаланушы сатып алуды тек ата-анасының (заңды өкілінің) келісімімен жасай алады.
6. Қайтару
Қайтару тәртібі Қайтару ережесінде сипатталған.
7. Пайдаланушының міндеттері
- Бот, скрипт, автоматтандыру құралдарын, қателерді (эксплойт) пайдаланбау.
- Басқа пайдаланушылардың аккаунтына рұқсатсыз кірмеу, төлемде алаяқтық жасамау.
- Аккаунт деректерін (құпия сөз) өзгелерге бермеу.
Бұл шарттар бұзылса, Орындаушы аккаунтты шектеуге немесе бұғаттауға құқылы. Алаяқтықпен немесе қайтарылған төлеммен алынған Coin мен заттар алынып тасталуы мүмкін.
8. Жауапкершілік шегі
Сервис «сол күйінде» ұсынылады. Орындаушы техникалық үзілістерге, интернет байланысына және үшінші тараптардың (хостинг, төлем провайдері) жұмысына байланысты іркілістер үшін заңнамада белгіленген шекте жауап береді. Бұл келісім Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасы берген құқықтарды шектемейді.
9. Келісімді өзгерту
Орындаушы келісімді өзгерте алады. Жаңа нұсқа осы бетте жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Маңызды өзгерістер туралы Сервисте хабарланады.
10. Дауларды шешу және байланыс
Даулар келіссөз арқылы, ал келісім болмаса — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі. Байланыс: support@tapqyr.app.