← Артқа

Құпиялылық саясаты

Күшіне енген күні: 23.10.2026

Бұл саясат «Тапқыр» ойынында (tapqyr.app) дербес деректердің қалай жиналатынын, пайдаланылатынын және қорғалатынын түсіндіреді. Деректерді өңдеуші: ЖК ТҰРСЫНБАЙ, ЖСН 860410001076. Деректер Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өңделеді.

1. Қандай деректер жиналады

  • Тіркелу деректері: email мекенжайы (құпия сөз шифрланған түрде ғана сақталады).
  • Ойын деректері: деңгейлер, ұпай, жұлдыздар, Coin, заттар, Қуат, жетістіктер.
  • Сатып алу деректері: пакет, сома, валюта, күні, төлем мәртебесі. Карта деректерін біз алмаймыз — оларды төлем провайдері өңдейді.
  • Техникалық деректер: құрылғы мен браузер туралы жалпы ақпарат, қате туралы есептер.

2. Не үшін пайдаланылады

  • Аккаунтты жүргізу және ойын прогресін сақтау.
  • Сатып алынған Coin мен заттарды беру, төлемдерді тексеру, қайтаруларды өңдеу.
  • Алаяқтықтың алдын алу, қателерді түзету, ойынды жақсарту.

3. Деректерді өңдейтін серіктестер

  • Supabase — дерекқор және аутентификация.
  • Vercel — сайтты орналастыру (хостинг) және жалпы қолдану статистикасы.
  • Lemon Squeezy — төлемдерді қабылдау және өңдеу.
  • Sentry — техникалық қателер туралы есептер.

Бұл серіктестердің серверлері Қазақстаннан тыс жерде орналасуы мүмкін. Деректер тек жоғарыдағы мақсаттар үшін беріледі.

4. Құрылғыдағы деректер

Ойын интернетсіз жұмыс істеуі үшін браузерде (localStorage, IndexedDB) деңгейлер мен аяқталмаған ойын күйі сақталады. Жарнамалық cookie қолданылмайды.

5. Сақтау мерзімі

Деректер аккаунт бар болғанша сақталады. Төлем туралы жазбалар заңнамада талап етілетін мерзімге дейін сақталуы мүмкін.

6. Сіздің құқықтарыңыз

  • Өз деректеріңізбен танысу, оларды түзету.
  • Аккаунтты және дербес деректерді жоюды сұрау.
  • Деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу.

Сұрау жіберу: support@tapqyr.app.

7. Балалар

18 жасқа толмаған пайдаланушылар сатып алуды ата-анасының (заңды өкілінің) келісімімен ғана жасай алады.

8. Өзгерістер

Саясат жаңартылса, жаңа нұсқа осы бетте жарияланады.